Фото: Қырғыз ТЖМ
Іnbusiness.kz. Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды.
Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапқан.
Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан асып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!