Фото: pixabay

Қырғызстанның арнайы қызметтері халықаралық террористік ұйымға мүше болып, ТМД елдерінің бірінде теракт жасауға дайындалды деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 27 шілдеде осы елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости.

«Жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы іс-шаралар барысында МҰҚК қызметкерлері ТМД елдерінің бірінде астыртын террористік топтың құрамында теракт ұйымдастыруға дайындалған деген күдікпен халықаралық террористік ұйымның (ХТҰ) мүшесі, Қырғыз Республикасының азаматы Н.Р. ұсталып, уақытша тергеу изольяторына қамалды», делінген хабарламада.

Арнайы қызметтер ұсталған адамның Telegram арнасындағы жасырын аккаунттар арқылы террористік ұйымдардың бірінің эмиссарларының үйлестіруі бойынша әрекет еткенін анықтады.

«Осы қылмысты іске асыру әрекеті алдында Н. Р. халықаралық террористік ұйым басшысына адал болуға ант берді», – деп ақпарат нақтыланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!