Қытай жаңа буындағы «Мэнчжоу» ғарыш кемесін сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жаңа буындағы «Мэнчжоу» басқарылатын ғарыш кемесі жерге жақын биіктікте сынақ ұшырылымын сәтті аяқтады. Бұл оқиға Қытайдың Айға басқарылатын ұшуды жүзеге асыру жобасындағы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
Сынақтар Цзюцюань ғарыш айлағында өтті. Қатты отынды қозғалтқыштар арқылы капсуламен біріктірілген кеме ұшырылып, 20 секунд ішінде белгіленген биіктікке жетті.
Осыдан кейін қайтарылатын капсула бөлініп, парашют жүйесі арқылы белгіленген аймаққа қонды.
Бұл сынақ Қытайдың ғарыш саласындағы технологиялық жетістіктерін және Айға басқарылатын ұшу мақсатына қаншалықты жақындап қалғанын көрсетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!