фото: pixabay

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының бұрынғы хатшысы орынбасары Ли Пэнсин 822 миллион юань пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lianhe Zaobao басылымына сілтеме жасап.

Баоцзи қаласының аралық халық соты Ли Пэнсинге өлім жазасын екі жылға кейінге қалдыру туралы үкім шығарды, ал оның жеке мүлкі тәркіленіп, қайтарылған парақорлық табысы мемлекеттік қазынаға өтеді.

Ли Пэнсин 1999 жылдан 2023 жылға дейін бірнеше маңызды лауазымда қызмет еткен, соның ішінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомы хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сот оның парақорлық әрекеттерін мойындап, ауыр қылмыс жасағанын, елге және қоғамға үлкен зиян келтіргенін атап өтті. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ өлім жазасы екі жылға кейінге қалдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!