Қытайдың Space Epoch (Sepoch) ғарыш компаниясы өзінің бірнеше мәрте қолданылатын зымыран прототипінің сынақтан өткенін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Сынақ барысында зымыран тік ұшып, қозғалтқышты реттеу, құлдырау, қозғалтқышты қайта қосу, жылдамдықты баяулату және теңіз бетіне қону сияқты бірнеше күрделі операцияны сәтті орындағаны хабарланды.

Компания ресми түрде видео және сурет жариялап, YXZ-1 зымыранының сынақтан кейінгі күйінің жақсы екенін көрсетті. Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде зымыранның құрылымына айтарлықтай зақым келмегені байқалады.

“Біз бүгін ерекше күнді бастан өткердік. Бұл – біздің инженерлеріміздің, зерттеушілеріміздің және барлық команда мүшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Алдымызда үлкен мақсаттар бар”, — деді Space Epoch компаниясының бас директоры.

Space Epoch компаниясы 2025 жылдың соңына дейін YXZ-1 зымыранының толыққанды орбиталық ұшуын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!