Фото: nato.int

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлері бар екенін ресми түрде растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді.

Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей аймақтарына орналастырылуы Украинадағы соғыстың айтарлықтай өршуін білдіретінін атап өтті. НАТО бас хатшысы Мәскеу мен Пхеньянды бұл әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды.

Айта кетейік, өткен аптада Украинаның арнайы қызметі Ресейге Солтүстік Кореядан 12 мыңға жуық әскер жіберілгенін хабарлаған еді. Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Корея сарбаздары 27-28 қазаннан бастап майданға жіберіле бастайтынын мәлімдеді. Ресей аумағында Солтүстік Корея әскерлерінің барын Пентагон да растады.

Ал Солтүстік Корея билігі Украинаға әскер жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!