Фото: slovoidilo.ua

Ресейде YouTube-тің жылдамдығы азайғанымен желіні пайдаланушылар көбейді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. РБК-ға сілтеме жасап.

29 шілде мен 4 тамыз аралығында  82,6 млн адам  YouTube-ке бір рет болса да кіріп көрген. Одан бір апта бұрын 82,5 млн халық бір рет  желіні пайдаланған. Ал өткен жылдың 29 шілде мен 4 тамыз аралығында 81,47 млн адам интернет-ресурсына кірген.

Сонымен бірге өткен аптада YouTube-ті адамдар орташа есеппен алғанда 107 минут қараған. Одан бұрын орташа есеп 93-минут болған.

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСҚА ШЕКТЕУ 12 ШІЛДЕДЕ БАСТАЛДЫ

Ресейде YouTube-тің жұмысына шектеу 12 шілдеде басталды. Сол күні Мемлекеттік думаның депатуты  Александр Хинштейн  видеохостингтің жылдамдығы  40%, ал  4 тамызда  70%-ға қысқаратынын айтты.

Қазір әлемде қиын жағдай болып тұр. Ресей ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Біздің елде шетел интернет ресурсының еркін жұмыс істеуіне жол бермейміз, – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!