Фото: POOL 

Sputnik. Ханойда Ресей мен Вьетнам президенттері Владимир Путин мен То Лам арасындағы келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Кездесу бір жарым сағатқа созылды. Тараптар қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасты, екі ел басшысы БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

«Келіссөздер сәтті өтті, Ресей басшысымен ынтымақтастықтың көптеген бағыты, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ашық пікір алмастық», – деді То Лам.

Ел президенттері өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарастырып, өзекті халықаралық тақырыптарды қозғады.

«Аталған мәселелер бойынша Ресей мен Вьетнамның ұстанымдары негізінен сәйкес келеді немесе бір-біріне жақын», – деп атап өтті Путин сауда-инвестициялық өзара іс-қимылға назар аударып.

Халықаралық мәселелерге тоқталған Вьетнам президенті өз елі халықаралық құқыққа негізделген Азия-Тынық мұхиты аймағында тең және бөлінбейтін қауіпсіздік архитектурасын жақтайтынын атап өтті. Бұл ретте ол Ресейді басым серіктестердің бірі деп санайды.

Государственный визит президента Владимира Путина во Вьетнам - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2024

«Екі ел басшылары құрған дәстүрлі достық қарым-қатынастарды дамытуды қалаймыз», – деді Вьетнам президенті.

Екі тарап бір-біріне қарсы бағытталған одақтарға кірмеуге келісті.

Путин То Ламға жылы шырай танытқаны үшін алғыс айтты.

Ресей басшысы төлемді ұлттық валютамен жүргізуге көшуді маңызды деп атап, мұндай транзакциялар көлемінің артқанын атап өтті. Өткен жылы мұндай мәмілелер екіжақты коммерциялық мәмілелер көлемінің 40%-дан астамын құраса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 60%-ға жуықтады.

Кездесу Вьетнам мемлекеті басшысының ресми резиденциясы Ханойдағы президент сарайында өтті. Ғимарат ХХ ғасырдың басында италиялық неоренессанс стилінде салынған.

Ресей басшысы Ханойға мемлекеттік сапармен кеше түнде Пхеньяннан барды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!