Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Новосібір облысында бастауыш сынып оқушысы аш қарынға кәмпит жегеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kp.ru ақпараты бойынша қыз кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан. Ересектер дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше желідегі маманның нұсқауын орындаған.

Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Алайда қанша тырысып баққанмен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!