Фото: fishki.net

Ресейдің Амур облысындағы кеніште тау жыныстары құлады. Үйінді астында 13 адамға дейін болуы мүмкін. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шахтада қалған адамдарды іздеу үшін сол жерге тау-кен құтқарушылары жіберілді.

Ресей федерациясының төтенше жағдайлар министрлігі тау жыныстарының құлауы Зейс муниципалды округінде жерасты жұмыстары учаскесінде болғанын нақтылады.

Кәсіпорын хабарлауынша, қазір желдету жолымен құтқарушылар тобы жіберілді, олар байланысты қалпына келтіріп жатыр. Сондай-ақ көлікке арналған орынды механикамен тазарту жүргізіледі.

«Шахтаның құлау фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізіледі», – деп хабарлады тергеу комитеті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!