Фото: Ашық дереккөзден
Лондон соты Қазақстанның беделіне нұқсан келтіру мақсатында жұмыс істеген ресейлік тыңшыларға қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тыңшылар Голливуд актері Саша Барон Коэнді жалдап, оның танымал “Борат” кейіпкері арқылы Қазақстан билігін сынайтын бейнебаян түсіруді жоспарлаған.
Сотта күдіктілер алқабилерге ресейлік қауіпсіздік қызметтері қазақстандық арнайы қызметтерге ұйымдастырылғалы жатқан наразылық акциялары туралы жалған ақпараттар беріп, «олардың ықыласына ие болғысы» келгендері туралы мәлімдеме жасады.
Тыңшылық желіні басқарған болгариялық Орлин Русеев сотта қазақстандық арнайы қызметтердің уақыт өте келе олардың деректеріне мән беруді тоқтатқанын айтты. Сондықтан ол екі депутатқа Ұлыбритания парламентінде Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы мәселесін көтеруді тапсырғанын мойындады.
«Орлин Русев пен германиялық Wirecard төлем жүйесінің басшысы Ян Марсалек актер Саша Барон Коэнді жалдап, оның “Борат” кейіпкерінің Қазақстан билігін сынайтын бейнеролик түсіруді ұсынған», – делінген басылымның ақпаратында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!