Фото: видеодан кадр
KAZINFORM – Селин Дион Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті.
2022 жылы әншіге неврологиялық ауру – бұлшықет қатаю синдромы диагнозы қойылған болатын. Сирек кездесетін ауруға шалдыққанына қарамастан, 56 жастағы әнші ашылу салтанатында өнер көрсете алды.
Бұған дейін Селин Дион Instagram парақшасына Парижде, Лувр маңында түскен суретін жариялаған болатын. Осыдан кейін әнші Олимпиаданың ашылу салтанатында өнер көрсетуі мүмкін деген қауесет тарай бастады. Олимпиада ұйымдастырушылары оның сахнаға шығатынын жұма күні растады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!