Сурет: РИА Новости
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин елдің қарулы күштеріне соғысқа дайындықты күшейтуді бұйырды. Ол бұл мәлімдемені Тайвань маңындағы «Бірлескен семсер-2024B» оқу-жаттығудан кейін жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Си Цзиньпин Қытай Халық-азаттық армиясының Зымыран күштерімен кездесуінде әскерлерді «соғысқа жан-жақты дайындықты күшейтуге» және «берік соғыс қабілеттілігін» қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ қарулы күштердің сапалы дамуы мен олардың стратегиялық күшін нығайтуды талап етті.
«Нақты жауынгерлік қабілеттер мен стратегиялық тежеу мүмкіндіктерін арттырып, партия мен халық алға қойған түрлі міндеттерді табанды түрде орындау қажет»,— деді ол.
Еске салайық, 14 қазанда Қытай армиясы Тайвань төңірегіндегі суда бірлескен қылыш жаттығуларын өткізген болатын. Аға полковник Ли Си оқу-жаттығу Тайвань тәуелсіздігіне ұмтылған сепаратистік күштерге «қуатты тосқауыл» болатынын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!