SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Асад Дамаскіден ұшақпен белгісіз бағытқа ұшып кеткен. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
Reuters және Al Hadath ақпарат көздерінің дерегінше, жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан ұшақпен шыққан. Ал Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлаған.
Сириялық көтерілісшілер Дамаскіге солтүстік пен оңтүстіктен жақындап келеді. Көтерілісшілер өздерінің Telegram-арнасында Дамаск маңында орналасқан Сайедная түрмесін басып алып, онда қамаудағы тұтқындарды босатқанын мәлімдеген. Бұл туралы ВВС жазды.
Айта кетейік, Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иорданияның ішкі істер министрі шекара бекетін жабу туралы шешім қабылдады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!