Сирия астанасы Дамаскіде орналасқан Әулие Илия шіркеуінде теракт болды. Лаңкестік әрекет салдарынан кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, теракт кезінде 59 адам жараланған.
Қанды оқиға 22 маусым күні діни рәсім кезінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам шіркеуге кіре сала оқ атқан. Кейін жарылғыш зат салынған белдігін іске қосқан.
Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өз-өзін жарушы адам «Ислам мемлекеті» террорлық тобының мүшесі болған.
Қазіргі уақытта терактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!