Фото: Shutterstock

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі КХДР Ресейге Украинамен соғысқа баратын сарбаздардың алғашқы партиясын жібергенін, ал зымыран офицерлері қазірдің өзінде соғыста екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дүниежүзілік агенттіктер Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореядан келген 1500 сарбаз қазірдің өзінде Украинаға баратын Қиыр Шығыстағы ресейлік полигондарда деп мәлімдейді.

Оңтүстік Кореяның барлау мәліметтері бойынша, Солтүстік Корея әскери күштері ресейлік форма мен жалған ресейлік құжаттарды берген.

Алайда Кремль Оңтүстік Кореяның КХДР Ресейге Украинамен соғысқа көмектесу үшін әскери қызметшілерді жіберуі мүмкін деген талаптарын жоққа шығарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!