KAZINFORM – Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп жазды Анадолы.

Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономды облысына қарасты Ишкашим ауданында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Өзбекстанның Сейсмология орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:47-де Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ишкашим ауданынан 69 шақырым оңтүстікте орналасқан. Зілзаланың ошағы 120 шақырым тереңдікте болған.

Таулы аймақта тіркелген бұл зілзаладан кейін зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, соңғы бір апта ішінде өңірде түрлі магнитудадағы алты жер сілкінісі болды. Ең күштісі 13 сәуірде сол өңірде тіркеліп, оның қуаты 5,8 балл болған. Дүмпу кесірінен 29 тұрғын үй мен бір білім беру мекемесі зақымданған еді.

Жер сілкінісі сол кезде көршілес Өзбекстанда да сезілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!