Фото: pexels.com

KAZINFORM – Бүгін таңертең Ташкент қаласы мен Өзбекстанның басқа аймақтарында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлады. 

Сағат 08:47-де Тәжікстанның Лахш ауданында жер сілкінісі болып, оның дүмпуі Ташкент және Өзбекстанның өзге де өңірлерінде сезілді.

ТЖМ Республикалық сейсмологиялық мониторинг орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 15 шақырым, магнитудасы – 5,4 бірлік.

Салдарынан Ташкент пен Сырдария облыстарында – 2, Андижан, Наманған және Ферғана облысында 3 балдық жерасты дүмпулері сезілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!