Үндістанда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Салдарынан кемінде 15 адамның қаза тапқаны анықталды. Одан бөлек, 60 адам жарақат алған.

Қайғылы оқиға Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатындағы Силигури қаласына жақын жерде болған. Жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысып, дәрігерлер мен құтқарушылар көмекке келген. Теміржол министрі Ашвини Вайшнав та қақтығыс болған жерге аттанған. БАҚ беттерінде қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін екені айтылуда.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!