Тибетте жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 53-ке, ал зардап шеккендер саны 62 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ беттері жариялауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қытайдың сейсмикалық желілер орталығы таратқан мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулердің магнитудасы 6,8 болды. Ал эпицентрі Шигадзе қаласына жақын жерде болды, оның күші 7,1-ге жетті.
Зілзала Шигадзе қаласында тіркелген. Сонымен қатар, куәгерлердің сөзінше, жер сілкінісі Непал, Үндістан, Бутан мен Бангладеште де сезілген.
Табиғи апат болған қала тұрғындары дүрлігіп, үйінен қашып кеткен.
Мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Тингри округінде 10 шақырым тереңдікте болған.
BNO New хабарлауынша, кемінде 53 адам қаза тауып, 38 адам зардап шеккен. Ал жер сілкінісінің эпицентрі болып анықталған Тингри аймағында мыңға жуық үй қираған.
Жер сілкінісі болған аймақта 62 мыңға жуық адам тұрады. CENC мәліметінше, бұл өңірде кейінгі бес жылда болған жойқын зілзала.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!