фото: pixabay.com
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.
– Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!