Украинадағы қақтығысты «бір-екі айдың ішінде» реттеуге әлі де мүмкіндік бар. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Басшыға «Қақтығысты бірнеше айда тоқтатуға бола ма?» деген сұрақ қойылды.
«Иә, менің ойымша, біз мұны жүзеге асыра аламыз»,– деді Трамп.
Ол бұған дейін бірқатар халықаралық қақтығысты реттей алғанын атап өтті.
«Соғысушы тараптарға: «Егер соғысты тоқтатпасаңдар, екі елге де баж салығын енгіземін, сонда сендер АҚШ-пен бизнес жасай алмайсыңдар»,–дейтінмін»,– деп түсіндірді Трамп.
Айтуынша, Мәскеу Вашингтонмен қарым-қатынасты дамытуды қалайды.
«Меніңше, Путин АҚШ-пен іскерлік байланыс орнатқысы келеді», — деді Трамп.
Бұған дейін америкалық көшбасшы бірнеше рет Украинадағы соғысты тез тоқтата алатынын айтқан. Мысалы сайлауалды науқан кезінде ол «украин дағдарысын бір тәулікте шешуге болады» деп мәлімдеген. Алайда кейін бұл үдеріске көбірек уақыт керегін мойындаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!