Фото: istockphoto.com
Түркияның Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Takvim басылымына сілтеме жасап.
«Шектеудің себебі – ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания өлімінен кейінгі наразылық толқыны. Instagram Саяси бюро басшысы туралы материалдарды желіден жүйелі түрде өшіріп отырды», – делінген ақпаратта.
Түркияның байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун шілде айының соңында Instagram әрекеттерін айыптап, хабарлама жариялады. Ол мұны «мазмұнды цензуралау әрекеті» деп атады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!