Сурет: pixabay
2024 жылы 13 шілдеде Түркияның Мугла провинциясында туристер толы автобус жол апатына ұшырады. Екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sozcu газеті келтірген дерекке сүйенсек, автобустың тежегіші істен шыққан, салдарынан өрден төмен қарай ылдилаған автобус үш көлікке соғылып, содан соң тоқтаған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, салонда 29 турист болған. Соғылып, мыжылған көліктердің бірінде төрт адам қысылып қалған, оларды өрт сөндірушілер босатып алды», деп жазады басылым.
2024 жылдың маусымында Түркия билігі азаматтық авиация туралы заңға өзгерістер мен түзетулер енгізді. Енді оған сәйкес, әуежайларда жолаушыларды тексеру рәсімі күшейтілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!