Фото: pexels.com
KAZINFORM — Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 10.46-да тіркелген, деп жазады Анадолы.
Жер сілкінісінің ошағы Кале қаласында 10,7 км тереңдікте орналасқан.
Азаматтар үйлері мен кеңселерін тастап, жақын маңдағы саябақтар мен алаңдарға жиналды.
Жерасты дүмпулері Шанлыурфа, Адыяман, Килис, Газиантеп және Кахраманмараш провинцияларында да сезілді.
Каледегі бірнеше бүлінген ғимарат қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Малатья провинциясының губернаторы Седдар Явуз қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, Каледе жер сілкінісі болғанға дейін сот ісі жалғасып жатқан ғимараттардан басқа барлық апатты ғимараттар сүрілген. Явуз бұл ғимараттардағы адамдар көп уақыт бұрын қауіпсіз жерге көшірілгенін атап өтті.
«Желіде құлаған ғимарат видеолары тарады, бірақ бұл ескі видеолар. Олар ғимараттарды сүру кезінде түсірілген. Сондықтан азаматтардан дүрбелең тудыруы мүмкін жалған суреттерді таратпауларын сұраймыз», — деді ол.
Явуз жер сілкінісінен кейін тексеру жүргізіліп жатқанын, құрбан болғандар, жарақат алғандар немесе ғимараттардың қирауы туралы ақпарат болмағанын атап өтті.
Сонымен бірге, қала губернаторы тұрғындарды бұрын эвакуацияланған апатты ғимараттарға жақындамауға шақырды.
Явуз қауіпсіздік мақсатында мектептегі сабақтардың бір күнге тоқтатылғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!