Фото: gov.uk

KAZINFORM Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі ведомство басшысы Дэвид Кэмерон Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың кейпіне енген пранкерлердің құрбаны болғанын хабарлады.

ВВС таратқан мәліметтерге сүйенсек, қос тараптың сұхбаттасуы бейнебайланыс арқылы өткен. Бірақ ұзаққа созылмады. Пранкерлер мәтіндік хабарламалар арқылы қоңырау шалуды ұсынған.

Кэмерон видеода Порошенкоға ұқсайтын адам болғанын айтады. Кейін ол алаяқтармен байланысқа шыққанын түсінген. Себебі, қоңырау шалушы одан басқа адамдардың байланыс мәліметтерін сұраған.

Бұл оқиғаның орын алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Кэмеронға кім қоңырау шала алатынын, олар не туралы сөйлескенін және алаяқтар министрлік өкілдерімен қалай байланыс орната алғаны әзірге белгісіз.

Британдық сыртқы саясат департаменті бұл оқиға туралы көпшілік алдында айтуға шешім қабылдаған. Себебі түсінікті. Сыртқы істер министрінің бейнесі мен дауысы басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, тұрғындарға сақтық шарасы ретінде де ескерту жөн деп тапқан.

«Сыртқы істер министрі өз қателігіне өкінеді. Біз жалған ақпаратқа қарсы күресті күшейтуіміз керек», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!