Фото: pixabay

2025 жылдың маусым айынан бастап Ұлыбританияда бір реттік электронды темекіні сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian дерегінше, құрылғылар өрт қаупін туғызып, ортаны ластайды. Белгілі болғандай, елде әр секунд сайын осындай 13 құрылғы қоқысқа тасталады, ал күн сайын мұның саны миллионнан асады.

«Кейбір құрылғылардың қоқыс таситын көлікте немесе қайта өңдеу орталығында өрт тудыруы мүмкін батареялары бар», – делінген басылымда.

Мұндай төтенше жағдайлар 2024 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 71%-ға жиі орын ала бастады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!