Ресейдің Волгоград облысында тұтқындар №19қатаң режимдегі колонияны басып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бүлік тәртіп комиссиясының отырысы кезінде болған. Басылымның мәліметінше, кемінде мекеменің бір қызметкері қаза болып, бірнеше адам жараланған.
Сотталушылар өздеріне автокөлік пен қару-жарақ беруді, айып абақтысынан жерлестерін босатуды талап еткен. Қазіргі уақытта арнайы жасақ кепілге алынғандарды босатты.
Еске салайық, бұған дейін маусым айында Ростов-на-Дону қаласындағы тергеу изоляторында да тұтқындар көтерілген еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!