Фото: AP Photo / Nariman El-Mofty

Sputnik. Украина өз аумағында шетел әскерін орналастыру мәселесін талқылауға дайын, деп мәлімдеді елдің еуропалық және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі вице-премьері Ольга Стефанишина.

Стефанишина Politico басылымына берген сұхбатында Украина өз аумағында шетел әскерін қабылдауға дайын ба деген сұраққа: «Біз нәтиже беретін кез келген мәселе туралы сөйлесуге дайынбыз», – дер жауап беріп

Бұдан бұрын Monde басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Франция мен Ұлыбритания Украинаға батыстың әскери қызметкерлерін жіберу мүмкіндігін талқылауды қайта бастағанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Париж бен Лондон Украинадағы коалицияға жетекшілік ету мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал Economist журналы еуропалық елдер Украинаға әскер жіберуді шындап жоспарламағанын, әзірге оны талқылаумен шектеліп жатқанын айтты.

2024 жылдың ақпанында Франция президенті Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын және ол жерге әскери нұсқаушыларды жіберуге дайын елдердің коалициясын құру қажеттілігін мәлімдеді. Алайда бұл бастаманы Францияның НАТО-дағы одақтастары салқын қабылдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!