Фото: РИА Новости

23 маусым күні Украина қарулы күші Севастопольге шабуыл жасады. Өңір губернаторы Михаил Развожаев зардап шеккендердің саны 100-ге жеткенін және 3 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаза тапқандардың арасында бір бала бар. 

“Жараланғандардың саны 100-ге жетті. 3 адам опат болды. Олардың арасында бір бала бар”, – деп жазды Михаил Развожаев өзінің Telegram-арнасында. 

Оның айтуынша, қазір құтқару жұмыстарына барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Губернатор зардап шеккендер жатқан ауруханаға барды. Сондай-ақ Севастополь прокуроры Андрей Шевцов украин снарядтарының сынықтары түскен жерде болып қайтты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!