Фото: İHA

Ыстамбұлдағы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жасалған қарулы шабуылдан бес адам зардап шекті. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі  TRT Haber арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға қаланың еуропалық бөлігіндегі Бахчелиэвлер ауданында болды. Әзірге аты-жөні анықталмаған шабуылшылар департаменттегі адамдарға оқ жаудырған.

«Бір полицей, жандармерия өкілі, күзет компаниясының қызметкері және екі бейбіт тұрғын жараланды», – деп хабарлайды телеарна.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ.

Оқиға орнынан шабуылдаушылар тастап кеткен көлік табылды. Полицейлер оларды іздестіріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!