Ыстамбұлда саябақтарда, мектептерде, ауруханаларда, әуежайларда және мешіттерде көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
EN. HABERLER мәліметінше, бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты. Жаңа ереженің мақсаты – барша адамдар үшін қауіп-қатерді азайту.
Қалалық билік пікірінше, иттерге берілетін тамақ:
- Қоқыс көлемін арттырады;
- Экологияға кері әсер етеді;
- Адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Дегенмен бұл тыйымның тек көп жиналатын орындарда «бақыланбайтын» тамақтандыруға қатысты екені, жануарларға көмектесу толықтай тоқтатылмайтындығы атап өтілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
