Фото: pexels
Жаңа Зеландия әуежайындағы ұзақ құшақтасудың соңы қиындыққа алып келуі мүмкін. Данидин әуежайының бастығы бұл қадам қону аймақтарында үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian газетінің жазуынша, Жаңа Зеландияның Данидин қаласындағы Халықаралық әуежай қону аймағында қауіпсіздікті жақсарту және үздіксіз қозғалысты сақтау бойынша іс-шаралардың бір бөлігі ретінде үш минуттан артық құшақтасуға тыйым салды.
Арнайы белгі де орнатылған:
«Құшақтаудың максималды уақыты-3 минут. Нәзік қоштасу түрі үшін автотұрақты пайдаланыңыз».
Фото: Jenny’s Online Blog
Әуежайдың бас директоры жаңа ережелерді бұзу айыппұлдарға әкелуі мүмкін екенін айтты.
Аталмыш ақпаратты сынаушылар мен қатар таптырмас айла екенін айтып мақтағандар да болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!