Фото: pxhere.com
ИКИ күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, 30 шілдеге қараған түні G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, ол кешке қарай G3 деңгейіне жетеді. Геомагниттік бұзылулар тек 31 шілдеде G1-G2 деңгейіне дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғалымдардың айтуынша, 1 тамызда түстен кейін геомагниттік бұзылулар қайтадан жанданып, кешке дейін G1-G2 деңгейінде болады.
Бұдан кейін 2 тамыздан 24 тамызға дейін магнитосфера тыныш болады, тек 25 және 26 тамызда магниттік дауылдар тағы да болжанады.
Фото: xras.ru
Магниттік дауылдар – Жердің магнит өрісіндегі оның қалыпты жүруін күрт бұзатын және бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатын жойқын күш. Олар ғарыштық ауа райына байланысты – бұл күн алауынан туындаған өзгерістер. Олар жердегі спутниктік және басқа технологияларға, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!