фото: ашық дереккөздерден
АҚШ пен Еуропада жүздеген мың адам Ақ үй басшысы Дональд Трамптың саясатына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz ақпарат агенттігі.
Наразылық шаралары Құрама Штаттардың бірнеше қаласында өтті. Вашингтонның өзінде 20 мыңға жуық белсенді жиналды. Шерушілер Трамптың жүргізіп отырған саясатынан мыңдаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылғанына, тұтас агенттіктер жабылып, мигранттардың жаппай депортацияға ұшырап жатқанына наразы.
Рейтердің мәліметінше, қарсылық акциялары Париж, Рим және Лондонда өткен. Ереуілдер жақын күндері Мексика мен Канадада да басталуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!