Казгидромет 28 ақпан, 1 және 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етіп, айтарлықтай жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Тек 2 наурыздан бастап Қазақстанның батысынан циклон жылжи бастайды, салдарынан қар, боран, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі», – деді синоптиктер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!