– Өскенімде, шіркін, тілші болғанда –
Деп үнемі шоматынмын арманға.
Журналисттің болмысы бар, қарашы –
Бейсен ағам кешіп өткен жолдарда.

Міне, көрші – менде қандай арман бар,
Журналист – ол шамшырақтай жанғандар
Жаңалықты жеткізетін қоғамға,
Даналықтың иесі де сол жандар

Апат келсе, далаң опат, жері – су,
Бірге жүріп көрсету мен көрісу,
Біреулердің қайғысына ортақ боп,
Біреулердің қуанышын бөлісу.

Елге ететін ұшан-теңіз пайдасы,
Бұл жандардың кім екенін ойлашы?
Адам болып адал ғұмын кешетін,
Әдебиет пен мәдениеттің айнасы!

Алдамас та, жалған сөзді жалғамас,
Тілші болу – күрделі көп жанға рас,
Эфирлерден көрсетілмес біздерге
Қызығы мен шыжығы мол қарбалас.

Радио, эфир, газеттердің ақ нұры,
Орақ ауыз, тура сөзді оқ тілі,
Міне осындай «журналисттер» болатын,
Бала күнгі арманымның авторы.

Өтсе дағы запыранды заман дәл,
Журналисттер жаны жайсаң жарандар.
Тілшіліктің бағындырып заңғарын,
Тіршілікке тіл бітірген мамандар!

***

Жүрексіз болды-ау ұнатар бағым,
Жүгенсіз болды-ау жүдә талғамым.
Өксіген өзек, өкінген өлең,
Өкірген өмір жұбата алмадым…

Ақылсыз ойлар әпенді бұлақ,
Не түрлі айла әкелді құрап.
Табыстырғанмен талай сезімді,
Таныстырдығой әкемді бірақ!

Мұңсыз емеспін, мінсіз емеспін,
Үлгісіндеймін үнсіз елестің.
Қарманып кейде қалған көңілім,
Қаспағын бір сәт қыршып егестің.

Жүрген жолымнан жаңылдырмадың,
Солай сезімге бағындым жаным!
Аялап тұрған махаббаттарды,
Саябақтардың сағындым бәрін .

Әлһамсыз күндер алқам да салқам.
Отқа тастар деп ортамнан қорқам.
Теперіш көрген тағдырымды бұл,
Қолыңнан келсе талқанда қалқам.

Талқанда қалқам, сезім жүдесін!
Төзгісіз қылма төзім күресін,
Әлде, қайтадан бәлкім басынан?
Қалай болса да өзің білесің…
Қалай болса да өзің білерсің…

Бектай Ұлықбек Рүстемұлы
№189 орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Жетекші: Мамыр Байдаулетов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!