Елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында салынатын мектептерге 7120 мұғалім қажет болады. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
«ЕЛОРДАНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНДА 13 903 МҰҒАЛІМ БАР. ОНЫҢ 62 ПАЙЫЗЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ БІЛІКТІЛІК САНАТТАРЫН АЛДЫ. ҚАЗІР ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЖАЛАҚЫЛАРЫНА 30 ПАЙЫЗДАН 50 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ.
ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕЛОРДАДА 7120 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЖЕТТІЛІК ТУЫНДАЙДЫ», — ДЕДІ ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗЫЕВ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!