Фото: Kazinform
KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілгені айтылған.— Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды, — деп хабарлады Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Израиль бүгін Тегеранға «превентивтік соққы» жасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!