Тарихта алғаш рет қолмен басқарылатын құтқару зымыраны Байқоңыр ұшу алаңына орнатылды. «Союз МС-23» құтқару-көліктік басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымырантасығышы ғарыш айлағының 31 учаскесінің ұшыру кешенінде тұр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

«Зымыранды 31 учаскенің 40 құрастыру-сынау корпусынан шығару Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8.30-да басталды. Зымыран теміржол көлігінде 31-учаскенің ұшыру кешеніне жеткізілгеннен кейін Ресейдің зымыран-ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары оны тік күйдегі №6 ұшыру жүйесіне сәтті орнатты. Қызметтік тіректерді біріктіргеннен кейін ұшыру кешенінің экипаждары бірінші ұшыру күнінің бағдарламасына сәйкес жұмыстарды орындауға кірісті», – деп мәлімдеген сайт дереккөзі.

Ресейлік ғарыш саласы өкілінің айтуынша, «алдағы екі күнде ғарыш айлағының мамандары ұшыру кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін түпкілікті тексеруден өткізеді».

Бұл ұшырылымның ерекшелігі – басқарылатын астронавтика тарихында тұңғыш рет бұрынғы «Союз МС-22» ғарыш кемесі зақымданғандықтан ғарышкерлер экипажын эвакуациялау үшін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) басқарылатын ғарыш кемесі жіберіледі.

Еске салайық, 2022 жылғы 15 желтоқсанда ХҒС-қа түйіскен «Союз МС-22» ғарыш кемесі бортында аспаптың және құрастыру бөлігінің сыртқы қабығының зақымдалуына және сыртқы контурының қысымының төмендеуіне байланысты техникалық сұйықтықтың (хладагент) ағуы анықталған болатын.

Техникалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша «Союз МС-22» ғарыш кемесін жерге ұшқышсыз режимде қайтару туралы шешім қабылданған. ХҒС-қа құрамында ресейліктер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық Фрэнк Рубио бар экипажды қайтару үшін «Союз МС-23» жіберіледі.

«Союз МС-23» кемесінің ХҒС-қа ұшырылуы 24 ақпанда Астана уақыты бойынша 6 сағат 24 минут 29 минутқа жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!