Министрдің айтуынша, мұғалімді жұмысқа қабылдайтын кезде мектеп директорлары пара алады. 

«Жеті мыңнан астам мектеп пен 500 мыңға жуық педагог бар. Әрине, барлығы ондай емес, десе де мұндай мәселе кең таралған. Бұл мәселені шешу үшін жүйелі шаралар қабылдануда” – деді Аймағамбетов.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілген. Егер бұрын директор бос вакансияға екі түйіндеме келсе, өз бетінше шешім қабылдап, таңдау жасайтын еді. Қазір конкурс өткізіледі.

“Педагог құжат тапсырады, вакансияға сай критерийлер мен талаптар болады, әрбір критерий үшін ұпай қойылады. Әрбір үміткер ұпайларды өзі есептеп, құжаттарын тіркейді және электрондық жүйе арқылы жібереді. Комиссия оның баллын ала алмайды. Егер үміткердің критерийлері расталса, ең көп ұпай жинаған адам жұмыс орнын алады. Бұл әділ таңдау жасауға мүмкіндік береді», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Мұғалімдерді аттестациялау да электронды форматқа көшірілді.

«Егер педагог бұрын тек портфолио тапсыратын болса, қазір олар пәнді және әдіснаманы, оқыту әдістемесі бойынша тест тапсырады. Ұстаздар тест тапсырады, екінші турға өтеді, портфолиосын көрсетеді, содан кейін шешім қабылданады», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!