«Amanat» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Qosyl» қалалық жастар орталығы, Еңбек мобильділігі орталығы және «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ЖОО және ТжКБ оқу орындарын бітіруші түлектеріне кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, мамандық бойынша жұмысқа орналасуына жағдай жасау және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

 «Жастарға жұмыс» жобасы аясында мемлекеттік және жеке меншік мекеме ұйымдарының өкілдерімен түрлі сала мамандары қабылдау өткізіп, жастарға жұмыс ұсынды. Сонымен қатар, сала мамандары түлектерге еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар мен оқу бітіруші студентере арналған мүмкіндіктер жайлы ақпарат берді. Жәрмеңкеге келген кейбір жұмыс берушілер оқу бітірген түлектер мен жұмыссыз жастарды тағылымдамадан өткізіп жұмысқа қабылдайтындарын жеткізді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Елімізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер мен жұмыссыз жастар өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Жалпы республикада «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 20 мыңға жуық жас қатысты. Бүкіл ел аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 3,5 мыңнан астам жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!