Ақтауда 20 ақпанда 14 шағын аудандағы № 1 мектепте математика пәнінің мұғалімі қолын сермеп, оқушыларды қорқытқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бесінші сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімінің жөнсіз мінез-құлқы туралы мәлімдеді. Оқушылардың бірі ұстаздың балаларға қолдарын сермеп, қатаңдық көрсетіп жатқанын бейнежазбаға түсіріп алған.
“Бұрын балалар мұғалімнің өте қатал екенін айтқан, бірақ оған аса көңіл бөлген жоқпыз. Бірақ бейнежазбаны көргеннен кейін жария етуді шештік. Балаларға осылай жасауға бола ма? Бұл – мұғалімнің орынсыз әрекеті», – дейді оқушылардың ата-аналары.
Ата-аналар мектеп директорына хабарласқан, содан кейін сыныпқа математика мұғалімі ауысқанын атап өтті.
“Мұғалім балалармен жұмыс істеуді жалғастыруда, оны жұмыстан шығарған жоқ. Ол тіпті директор айтқасын ғана әрең кешірім сұрады. Ол өзінің кінәсін мойындамайды. Мұндай қақтығыстар басқа сыныптармен де болған, – деп атап өтті ата-аналар.
Әзірге оқиғаға білім басқармасы мен мектеп әкімшілігі түсініктеме бермеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!