Шымкент қалалық білім басқармасына қатысты бюджеттің 200 млрд теңгесі үшін тексеріс басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Otyrar ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының бас мұғалімі Жанат Тәжиева бұл қаражат мұғалімдердің жалақысын төлеуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалғанын айтты.

«Бүгін де бөлінген қаржы 200 миллиард 907 мың теңгені құрайды. Мұғалімдердің жалақысына 174 миллиард теңге жұмсалды. Бізде 38 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимараттарды күтіп ұстауға және олардың коммуналдық шығындарына 3,5 миллиард жұмсалды. 17 миллиард теңге оқу қорын толықтыруға кетсе, материалдық базаны жақсартуға – 6 миллиардтан астам теңге бөлінді.Айта кетейін, Антикорға білім бөлімі ішкі талдау жүргізу туралы ұсыныспен келген. Қазір мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Біздің ұсынысымыздың арқасында құзырлы органдардың шешімімен шығарылды», – деді Жанат Тәжиева

Қазір мамандар мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және аттестациялау тәртібінің заңдылығын, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру мен оқушыларды тегін тамақтандыруға жұмсалатын шығынды тексеріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!