Фото: magnific.com

Қазақстандық мектеп мұғалімдері өзі сабақ беретін оқушыға қосымша дәріс өткені үшін ақы ала алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Яғни, мұғалімдердің өз оқушысына тегін репетиторлық етуі тиіс. Бұл тыйымды бұзса, жазаға тартылуы мүмкін.

Қазір репетиторлық нарықты реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр.

Құжат дайындық орталықтарының жұмысын жүйелеп, салық төлеу мәселесін шешуі шарт. 

“Нақты шектеу мәселесін біз әлі де талқылайтын боламыз. Оны зерделейтін боламыз. Бірақ кез келген мұғалім үшін ол этикалық мәселе. Мемлекет осы балаға өзі қаражат бөліп жатыр. Сол балаға сапалы білім беру бүгінгі мұғалімнің, шынын айту керек, қаржысы төленген миссиясы”, – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл мәселені сол шектеуге жеткізбей-ақ, мұғалімдер өздері түсінеді деп әріптестеріне сенім артты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!