Апостиль қою – бұл Қазақстан Республикасының аумағында жасалған ресми құжаттарды шетелде тануды және олардың заңды күшін қамтамасыз ететін халықаралық-құқықтық рәсім. Қазақстан 2001 жылдан бастап шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады. Осы халықаралық келісім аясында апостиль мөртабаны қойылған құжаттар Конвенцияға мүше елдерде қосымша консулдық заңдастырусыз ресми түрде қабылданады.

​Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот жүйесіне және әділет органдарына қатысты ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігі екі негізгі мемлекеттік органға жүктелген:

​1)Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

Әділет органдары сот актілерінің негізінде куәландырылған нотариалды құжаттарға, АХАТ органдарының актілеріне және нотариустар куәландырған сот құжаттарының көшірмелеріне апостиль қоюды жүзеге асырады.

​2)Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі:

Сот органдарынан шығатын тікелей құжаттарға — сот шешімдеріне, үкімдерге, ұйғарымдарға, сондай-ақ прокуратура мен тергеу органдарының ресми процестік құжаттарына апостиль қою уәкілетті сот және прокуратура органдары арқылы орындалады.

​Сот өндірісі мен әділет жүйесі шеңберінде апостильдеуге жататын басты құжаттар: Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдері;​Сот орындаушыларының атқарушылық құжаттары мен қаулылары;Соттылықтың бар немесе жоқтығы туралы ресми анықтамалар;Сот өндірісіне қатысты нотариалды куәландырылған сенімхаттар мен өтініштер.

Құжатқа апостиль қойылған кезде лауазымды тұлғаның қолының түпнұсқалығы, оның әрекет ету өкілеттігі және құжатқа басылған мөрдің немесе штамптың түпнұсқалығы расталады. Апостиль құжаттың мазмұнының дұрыстығына емес, оның заңды түрде рәсімделу фактісіне кепілдік береді.

​Апостильдеу механизмі халықаралық азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін шетелде қорғауда маңызды құқықтық кепіл болып табыла

Л.Әбдуәли,
Қызылорда облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының хатшысы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!