Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтар мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемеақы төлемеу фактілері анықталды, – делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Басқа жағдайда, 7 мектептерде қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!