Президент оқытушыларға қойылатын талаптарды жиі өзгертіп, қысым жасауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол салалық министрлікке пікір білдірді.

«Салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы. Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек», – деді президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!