Мектепке дейінгі білім беру ұйымының 21 мың педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мәртебесін арттыру мақсатында жалақы ұлғайту және тәрбиеші-бала арасындағы жүктемені халықаралық көрсеткіштерге дейін төмендету тетіктері қарастырылуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!