Былтыр Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Айнакөл ауылындағы №175 орта мектеп ішінде орналасқан автономды бу қазандығын сыртқа шығарылды.
№261 мектеп пен «Күнекей» балабақшасы ғимараты көгілдір отынға қосылды. Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде биыл 4 мектепке, яғни №15, №212, №211, 222 мектептеріне толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
«Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында ауқымды көлемде мектептердің құрылыс жұмыстары басталмақ. Яғни, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығынан заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланған. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады. Атап айтқанда, СПМК-70 мөлтек ауданынан 2000 орындық және Арай-3 аудан бойынша 2000 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 900 орындық мектеп, КБИ мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп, Қызылжарма елді мекеннен 900 орындық мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталып, маусым айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!